Accessibility links

Каспий теңізі жағасындағы итбалықтардың өлуіне балықшылардың әрекеті себеп болуы мүмкін


Каспий теңізінің жағасына шығып қалған итбалықтар балық ауына түсіп өлуі мүмкін. Бұл туралы Ресей табиғи ресурстар және экология министрлігі хабарлады.

Ведомство балық ауына ілінген итбалықтардың терілерін сыпырып, теңіз жағасына тастап кетуі мүмкін деп болжайды.

Ресей табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов "бұл – сорақы жағдай" деп атады. Оның сөзінше, Қызыл кітапқа енген сүтқоректінің популяциясына қауіп төніп тұр. Козлов браконьерлер итбалықтардың миграциясының жолындағы ұсақ балықтарды аулап, ізін жасыруға тырысады дейді.

Министрлік жағадан табылған 170 итбалықтың суреттері мен GPS-координаттарын Росприроднадзор және табиғатты қорғау прокуратурасына жібергенін хабарлады.

6 мамырда "Морские млекопитающие" ғылыми-экспедициялық орталығының жетекшісі Виктор Никифоров Мәскеу мен Дағыстан ғалымдары Каспий теңізінің жағасынан терісі сыпырылған 150 итбалық тапқанын айтқан.

"Бұрын мұндайды көрген жоқпын. Жағалауда әр 50 метр сайын өлген түлендер жатты" дейді ол.

Ғалым итбалықтардың өліміне теңіздің ластануы я балықшылардың әрекеті себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Каспий итбалығы – Каспий теңізіндегі жалғыз сүтқоректі. Бұл жануар Ресей мен Қазақстанның Қызыл кітабына "сирек кездесетін сүтқоректі" ретінде, ал халықаралық қызыл кітапқа "жойылып бара жатқан" жануар ретінде енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG