Accessibility links

"Вашингтон пост": АҚШ билігі 2017 жылы журналистердің телефонын тыңдаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ әділет министрігінің қызметкерлері Дональд Трамп президент болып тұрған кезде "Вашингтон пост" (The Washington Post) пост газеті журналистерінің телефон әңгімесін жасырын тыңдаған. Бұл туралы 8 мамырда осы басылымда жарияланған мақалада билік өкілдерінің 2017 жылы үш ай бойы үш тілшінің мобиль және кеңседегі телефондарын тыңдағаны жазылған.

"Вашингтон пост" мақаласында журналистердің телефон әңгімелері АҚШ-та 2016 жылғы президент сайлауы науқаны кезіндегі Ресейдің ролі туралы хабарларға байланысты заңсыз тыңдалғаны айтылған. Сол жолғы саяси бәсекеде Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамп Демократиялық партиядан сайлауға түскен Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ президенті болып сайланғаны мәлім.

"Вашингтон пост" газеті үкіметтің өкілетін бұлайша қолдануға алаңдап отыр деп хабарлайды британдық ВВС.

Қызметкерлерінің 2017 жылғы іс-әрекетін ақтап сөйлеген АҚШ әділет министрлігі олар үкімет ішінен құпия ақпаратты журналистерге кім бергенін анықтаумен айналысты деп мәлімдеген.

АҚШ үкіметінің журналистердің телефон әңгімесін тыңдап, олардың жұмысына араласуы алғаш рет емес. Трампқа дейін Ақ үйді басқарған Барак Обама да кезінде Associated Press агенттігі тілшілеріне қатысты осыған ұқсас іс-әрекеттер үшін сынға қалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG