Accessibility links

Навальный жатқан аурухананың бұрынғы бас дәрігері Мураховский үш күннен соң табылды


Александр Мураховский журналистерге сұхбат беріп тұр.
Александр Мураховский журналистерге сұхбат беріп тұр.

Омбы облысының денсаулық сақтау министрі Александр Мураховский үш күннен соң тірі табылды. Ол аңға шығып, іс-түссіз жоғалып кеткен еді. Министрліктің баспасөз қызметі Муховскийдің өзі байланысқа шыққанын хабарлады.

Дәрігер Баслы ауылы маңындағы орманнан шыққан. Қазір ол Большие Укидегі ауруханада, жағдайы жақсы.

Мураховский 7 мамырда орманға аңға аттанып, хабарсыз кеткен. 8 мамырда іздеу жұмыстары басталып, оған еріктілер, полицейлер, Росгвартия жұмылды. Жақындары бір күн бойы оны өз беттерімен іздеген, кейін полицияға қайырылған еді.

Мурахоскийдің әйелі "Дождь" арнасына күйеуінің табылғанын растаған.

  • Александр Мураховский Омбы облысының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанға дейін Омбы облысындағы №1 жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері болған. Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ұшақта комаға түскен соң осы ауруханаға жеткізілген.
  • Навальный уланған соң осы ауруханада екі күн жатқан. Дәрігерлер Навальныйды басқа ауруханаға жіберуге болмайды дегенімен, кейін оны Германиядағы Шарите клиникасына жіберген. Сол кезде Мураховский Навальныйдың жағдайының ауырлауына улануы емес зат алмасудың бұзылуы себеп деген. Оның бұл сөзі қоғамда сынға қалған.
  • Алексей Навальныйдың уланғанынан біраз уақыт өткен соң Омбыдағы №1 жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Сергей Максимишин қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG