Accessibility links

Шығыс Иерусалимде болған қақтығыстан 300 адам жапа шекті, жетеуінің хәлі мүшкіл


Шығыс Иерусалим. 10 мамыр, 2021 жыл.
Шығыс Иерусалим. 10 мамыр, 2021 жыл.

Дүйсенбі күні Шығыс Иерусалимде болған полициямен қақтығыс кезінде 300-ден астам адам жараланды. Әл-Ақса мешіті маңындағы тәртіпсіздік кезінде жараланған 230 адам ауруханаға жеткізілді, жетеуінің хәлі мүшкіл. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды.

Ливандық Al Mayadeen телеарнасы дүйсенбі күні кешке қарай қақтығыстың тоқтағанын хабарлады.

AP-дің жазуынша, полиция көзден жас ағызатын газ бен құлақ тұндыратын граната қолданған. Иерусалим билігі тәртіпсіздікке байланысты Храм тауына баратын жолды жапқан.

Жыл сайын 10 мамырда Иерусалим күні атап өтіледі: бұл күн 1967 жылғы Алты күндік соғыстан кейін Шығыс Иерусалимнің Израиль қарамағына өтуіне орай белгіленген. Биыл бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті ай саналатын Рамазан айымен тұспа-тұс келді.

Израиль қорғаныс армиясының баспасөз қызметі Туиттерде ХАМАС тобының Израиль аумағына қарай үш зымыран ұшырғанын хабарлады. Бұған жауап ретінде Израиль ХАМАС нысандарын атқылаған. Бұл туралы "Ньюсру.ком" порталы хабарлады.

Осыған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан израильдік әріптесі Меир Беш-Шабатпен телефон арқылы әңгімелесіп, Иерусалимдегі ахуалға алаңдаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG