Accessibility links

Иранда 20 жастағы гейді өлтіріп кеткен. Күдікке бауырлары ілікті


Ирандағы біржыныстыларды қолдау акциясы. 19 маусым 2012 жыл.
Ирандағы біржыныстыларды қолдау акциясы. 19 маусым 2012 жыл.

Иранда 20 жастағы азамат Әлиреза Монфаред кісі қолынан қаза болды. Ақпаратқа қарағанда, оның гомосексуал екенін естіген ағалары өлтірген болуы мүмкін. Туыстары оның жыныстық ерекшелігіне байланысты әскери борышын өтеуден бас тартқанын естіген.

Азаттықтың Иран қызметі – Фарда радиосының хабарлауынша, Монфаредті 4 мамырда Хузестан провинциясының әкімшілік орталығы Ахваз қаласы маңында өлтіріп кеткен. Қылмысқа туған бауыры мен немере аға-інілері қатысқан деп айтылады. Кейбір ақпаратқа қарағанда, олар Монфаредтің басын алған. Адам өліміне байланысты үш адам қамалған.

Монфаредтің жақын серігі Агхил Абайяттың айтуынша, марқұм онымен кездесу үшін 8 мамырда Түркияға бармақшы болған. "Би-би-си" ақпарат агенттігі Монфаредтен туыстары тарабынан қоқан-лоқыға ұшырағаны жайлы аудиожазбасы қалғанын да жазды. Онда ол Ираннан қашып кетпек болғанын да айтқан.

Иранда біржыныстылар қатынасы өлімі жазасымен жазаланады. Гейлер өздерінің жыныстық ерекшеліктерін жасыруға мәжбүр. Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы жақында жариялаған баяндамаларының бірінде Ирандағы гомосексуалдардың жағдайына тоқталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG