Accessibility links

Министрлік "вакцинадан кейін" қайтыс болған дәрігердің өліміне байланысты түсініктеме берді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігінің медицина және дәрі-дәрмекті қадағалау комитеті коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін ертесі қайтыс болған алматылық дәрігердің өліміне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлады.

Ақпарат агенттігіне жіберген жазбаша жауабында комитет Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп эпидемиологиялық зерттеу жүргізгенін атап өткен.

"Зерттеу кезінде пациентке Қарағандыда шығарылған ресейлік "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті салынғаны белгілі болды. Әйел адам жүрек-қантамыр жүйесі ауруының созылмалы түрімен ауырған, жергілікті жерде диспансерлік есепте тұрған" делінген комитет жауабында.

Пациент болған медициналық мекемелерде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі деп те айтылады. Вакцинаның аталған партиясы егілген басқа пациенттердің жағдайы қалыпты.

Министрлік агенттікке елде коронавирусқа қарсы вакцина салынғаннан кейін қайтыс болған адам жоқ деп жауап берген.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында осыған ұқсас екі оқиға болған. Сәуірде 42 жастағы Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін үйінде жағдайы кенеттен нашарлап, қайтыс болған. Марқұмның туыстары "дәрігерлер салғырттығын" кінәлаған. Ад қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сот медициналық сараптама басталғанын хабарлаған.

Қарай отырыңыз: Алматылық тұрғын екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар. Тергеу басталды (5 мамыр 2021 жыл).

Алматылық тұрғын екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар. Тергеу басталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

Оның алдында денсаулық сақтау министрлігі Талдықорғанда "вакциналаудан кейін" үйіне келіп, қайтыс болды делінген медицина қызметкерінің өлімін зерттеп жатқанын хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, ол жүрек ишемиясымен ауырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG