Accessibility links

"Коммерсантъ": Ресей АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысын еліне қайтарады


АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі. 20 сәуір 2021 жыл.
АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі. 20 сәуір 2021 жыл.

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің баспасөз хатшысы Ребекка Росс еліне қайтарылады. Бұл туралы ресейлік "Коммерсантъ" басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, Росс Вашингтонның осы сияқты қадамына жауап ретінде Мәскеу елден шығаратын он америкалық дипломат тізіміне енген.

Ресей СІМ-індегі құпия дереккөзге сүйенген "Коммерсантъ" АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы персона нон грата тізіміне енгенін жазады. Себебі, Америка билігі де жарты жылдан бері Мәскеуге Вашингтондағы елшілігінде хатшы қызметін тағайындауға мүмкіндік бермей келеді. Америка тарабы кандидаттың визаға тапсырған құжатын еш себепсіз қайтарған.

15 сәуірде АҚШ сайлауға киліккені үшін және жалған ақпарат таратқаны үшін Ресейге санкция салған. "Қара тізімге" Ресейдің 30-дан астам азаматы мен компаниясы енген. Санкция АҚШ-тан ресейлік дипмиссияның ондаған қызметкерін елден шығаруды қарастырады.

23 сәуірде Ресей билігі АҚШ дипломатиялық миссиясына шетел азаматтарын жұмысқа алуға тыйым салған. "Коммерсантъ" 1986 жылы Мәскеудің Вашингтонға дәл сондай шектеу қойғанын еске салады. Ол кезде Америка елшісі жұмысына өзі барып, қонақтарға әйелі қызмет көрсеткен. Дипломатиялық миссияның өзге қызметкерлері асүй, гараж және бау-бақшада жұмыс істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG