Accessibility links

Митинг туралы жазбаны өшіруден бас тартқаны үшін Телеграмға 5 млн рубль айыппұл салынды


Навальныйды қолдау акциясы. Мәскеу, 1 сәуір 2021 жыл.
Навальныйды қолдау акциясы. Мәскеу, 1 сәуір 2021 жыл.

Мәскеу соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдауға шақырған митинг туралы жазбаны өшіруден бас тартқаны үшін Телеграм мессенжеріне 5 млн рубль айыппұл салды. Компания үстінен екі хаттама толтырылған. Бұған дейін "Вконтакте" желісі де осыған ұқсас әкімшілік іс бойынша 1,5 млн рубль айыппұл алған еді.

Сәуір айында Мәскеу соты TikTok желісіне де наразылық акциясы туралы контентті өшіруден бас тартқаны үшін 2,5 млн рубль көлемінде айыппұл салған. Биліктің мәліметінше, жазбалар жасөспірімдерді заңсыз акцияға үндеген. Олардың нақты қай шараны меңзегені белгісіз.

23 және 31 қаңтарда Ресей қалаларында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акциясы өткен. Полиция оған қатысқан шамамен ондаған мың адамды ұстаған. Шарадан соң тергеу комитеті "санитарлық талаптарды бұзу", "полицияға күш қолдану", "жол қозғалысына кедергі келтіру" баптары бойынша қырық шақты қылмыстық іс қозғады. Сол істер бойынша Навальныйдың ондаған жақтасы қамалды. Кейбіріне түрме жазасы берілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG