Accessibility links

Жаңаөзенге Түркіменстаннан 256 қазақ көшіп келді


Түркіменстаннан келгендерді Жаңаөзенде туыстары қарсы алып тұр. Мангистау облысы, 13 мамыр 2021 жыл.
Түркіменстаннан келгендерді Жаңаөзенде туыстары қарсы алып тұр. Мангистау облысы, 13 мамыр 2021 жыл.

13 мамырда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына Түркіменстаннан 256 қазақ көшіп келді. Олар отырған пойыз Жаңаөзенге бейсенбі күні түнде тоқтады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Жаңаөзенде тарихи отанына оралғандарды ән айтып, би билеп қарсы алды. Ол жаққа келгендердің туыстары да жиналған.

— Бір жыл бойы осы күнді күттік. Ол жақта келе алмай қалған көп туысымыз қалды. Сол себепті кеткіміз келген жоқ, қимай-қимай қоштастық. Бір жыл бойы күттік. Хабарласып, қашан келетінін сұрадық. Виза болған жоқ, – деді келгендердің бірі Ажаргүл есімді әйел Азаттық тілшісіне.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бастапқыда көшіп келгендерді пойыз Ақтауға да жеткізеді деп айтылған. Алайда кейінірек пойыздың тек Жаңаөзенге ғана тоқтайтыны белгілі болды. Осы жерден оларды автобуспен әкетеді деп хабарланған. Ақыры бейсенбі күні Маңғыстау облысының әр өңірінде тұратын туыстары көшіп келген қазақтарды алып кету үшін Жаңаөзенге жиналған.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда туысы жоқ адамдар Ақтауға автобуспен жеткізіледі, оларға тұратын орын беріледі. Алайда ресми орындар әзірге бұл ақпаратты растамады. Ақпан айының соңында олардың алғашқы легі – шамамен 200 адам Қазақстанға жетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG