Accessibility links

"Қаржы жымқыру ісі": Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы мен өзге сотталушылар жазасы жұмсартылды


RBK банкінің бас кеңсесі. Көрнекі сурет.

"РБК банкіндегі қаржы жымқыру ісі" бойынша сотталған айыпталушылардың жазасы жұмсартылды. Бұл туралы Алматы қаласы апелляциялық сотының қаулысына сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

143 млрд теңгеден астам қаржының жымқырылуы ісі бойынша 11 жылға сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың жазасы екі жылға қысқарған. Апелляциялық соттың үкімі бойынша ол енді – 11 жыл емес, 9 жыл түрмеде отыруы тиіс.

8 жылға сотталған Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің де жазасы бір жылға қысқарып, жеті жыл болған.

8 жылға бас бостандығынан айырылған Bank RBK басқармасының бұрынғы төрағасы Игорь Мажиновтің бостандығы жеті жылға шектеліп, сот мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарған. Сот үкімі бойынша оған пробациялық бақылау орнатылады.

Бұған қоса, осы іс бойынша сотталған тағы 18 адам: Едігенев, Батырбаев, Игильман, Садықов, Барменбекова, Әбдірайымова, Жақыбаева, Тойшиев, Мамырбеков, Ибраева, Мамбетжанова, Мамбетов, Шәріпов, Дәулетбекова, Агапов, Құсайынов, Бектаев және Пакқа шыққан үкім өзгерген. Басым бөлігінің түрме жазасы шартты жазаға ауыстырылып, қамаудан босатылған.

Бірінші инстанциядағы сот аталған азаматтардың "банктен 143 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғаны" дәлелденді деп тұжырымдаған.

Сотталушылардың басым бөлігі "қаржы жымқырды" және "қайтармайтынын біле тұра несие берді" деп айыпталған. (189-бап - "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену" және 218-бап - "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру").

Істе 700 том бар. 46 эпизодтан тұрады. Айыптау актісі 3644 беттен құралған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG