Accessibility links

Insider: Путин көмекшісінің отбасына миллиард рубль тұратын жер телімі тиесілі


Солдан оңға қарай: Ресей вице-премьері Виталий Мутко, президент Владимир Путин, президент көмекшісі Игорь Левитин және Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко. 2017 жыл.
Солдан оңға қарай: Ресей вице-премьері Виталий Мутко, президент Владимир Путин, президент көмекшісі Игорь Левитин және Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко. 2017 жыл.

Ресей президентінің көмекшісі, бұрынғы көлік министрі Игорь Левитиннің отбасына Мәскеу түбіндегі шамамен бір миллиард рубль тұратын жылжымайтын мүлік тиесілі. Бұл туралы Insider басылымы жазды.

"Довиль" коттедждер қалашығындағы зәулім үй мен қатар орналасқан екі жер телімі президент көмекшісінің жиені Александра Левитина мен қызы Юлия Звереваға тиесілі. Әрбір жер телімінің аумағы – 25 сотық. Басылым коттедждер тұрғызылған жер телімінің әрқайсысын 534-549 млн рубльге бағалайды. Insider басылымының ақпараты бойынша, бұл үйлер президент ісі жөніндегі басқармаға арналып салынған.

Бұған дейін "Важные истории" басылымы Левитин отбасының құны кемінде 300 млн доллар болатын активті басқаратынын хабарлаған.

Игорь Левитин мемлекеттік қызметте 16 жылдан астам қызмет істеген. 2004-2012 жылдары көлік министрі болып тұрған кезде қалталы үкімет мүшелерінің қатарына кірген. Декларацияға сенсек, ол былтыр президент әкімшілігінің өзге қызметкерлеріне қарағанда көбірек (43 млн рубль) табыс тапқан.

Леонид Левитин 1999 бен 2005 жылдар аралығында "Магистраль" компания тобына жақын көлік мекемесінде жұмыс істеген. Кейінірек "Магистраль" тобы "Магистраль контейнерные линии" компаниясына айналды. Ресейдің өз ішінде және халықаралық деңгейде жүк тасымалдаумен айналысатын топ нарықтағы ірі ойыншылардың бірі: олардың Азия елдерінде өз өкілдігі бар, кейінірек флоты да пайда болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG