Accessibility links

Қытай Марсқа алғашқы ғарыш аппаратын қондырды


Қытайдың Tianwen-1 аппараты Марс бетінен түсірген сурет.
Қытайдың Tianwen-1 аппараты Марс бетінен түсірген сурет.

15 мамырда Қытайдың ғарыш кемесі Марс ғаламшарының бетіне қонды. Қытай ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) мұны елдің Марсқа жіберген миссиясының алғашқы тарихи жеңісі және Қытайдың ғарыш бағдарламасының жаңа биікке көтерілуі деп бағалады.

Қытайдың мемлекеттік CCTV телекомпаниясы "алдын ала таңдалған жерге сәтті қонғанын" хабарлады.

Tianwen-1 ғарыш кемесі Марстың солтүстік жартышарындағы Утопия жазығының оңтүстік бөлігіне автоматты режимде қонып, "алғаш рет Марс бетінде Қытайдың ізін қалдырды" деп хабарлады мемлекеттік Xinhua агенттігі.

Ғарыш аппаратының бортында Қытайдың "Чжужун" атты алғашқы марс көлігі бар. Салмағы 240 килограмм болатын алты доңғалақты көлік ғаламшарда 90 марс күнін, 92 жер күнін өткізбек.

Марс көлігінің екі оптикалық және бір мультиспектрлік камерасы, метеостанциясы, топырақ анализаторы, георадары және магнитометрі бар. Ол күн батареясынан қуат алады, ал Жермен орбитадағы зонд арқылы байланысқа шығады.

Қытай – өзге ғаламшар бетіне аппарат қондырған үшінші ел. 1970 жылы Совет одағы Байқоңыр ғарыш станциясынан ұшырған "Венера-7" аппаратын Шолпан планетасының бетіне қондырған. 1976 жылы АҚШ-тың "Викинг-1" аппараты Марс бетіне қонды.

Қазір Марста америкалық "Персеверанс" аппараты жүр, ол бұл ғаламшарға биыл ақпанда жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG