Accessibility links

Қазақстанда тағы 2500-ден аса адам Covid дертіне шалдықты. 17 адам қайтыс болды


Вакцина алуға келген жұрт. Нұр-Сұлтан, 12 сәуір 2021 жыл.
Вакцина алуға келген жұрт. Нұр-Сұлтан, 12 сәуір 2021 жыл.

Қазақстанда 15 мамырда 2459 адамнан коронавирус табылды. Ал 14 мамырда 118 адамнан "коронавирус пневмониясы" анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазір елде барлығы 358 104 адамнан коронавирус табылған. 2020 жылдың 13 наурызынан бері елде ресми түрде 4057 адам коронавирустан қайтыс болған. Ал 14 мамырда 15 адам коронавирустан көз жұмды.

Министрлік "коронавирус пневмониясының" есебін (ПТР тесті теріс, бірақ Covid белгілері бар) 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жүргізіп келеді. Ал оған дейінгі осы індетпен ауырғандардың есебі ресми статистикаға енбей қалған. Осы уақытқа дейін ресми түрде 54 132 адам "пневмонияға" шалдығып, 854 адам қайтыс болған. 14 мамырда бұл дерттен екі адам көз жұмды.

Қазір елде 38 625 адам Covid дертінен емделіп жатыр. 822 адамның жағдайы ауыр, 192 науқастың жағдайы өте ауыр. 111 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Министрлік дерегінше, елде 16 мамырға дейін 1,83 млн адам коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасын болса да алған. Қазақстан жұртқа ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және БАӘ елінде жасалған қытайлық Sinopharm компаниясының вакцинасын егіп жатыр.

8 мамырда америкалық IHME зерттеу орталығы 20 елдегі өлім деңгейін саралаған. Иститут Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған деп есептеген. Демек, IHME есебінше бұл елде коронавирустан көз жұмғандар ресми статистикадан 14,5 есе көп.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі америкалық институттың дерегін жоққа шығарып, бұл зерттеу "болжам" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG