Accessibility links

Грузияда көз жұмған Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде жездесі ұсталды


Әсел Айтпаева.

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретіне оның алыс туысы, яғни жездесі Мұрат Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігіне тиесілі polisia.kz сайты хабарлады.

"Айтпаеваның туыстарының арызы бойынша, М. Мейірбеков үстінен Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды" деп жазылған хабарламада.

Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева 5 мамыр түнде Тбилисиде қайтыс болған. Оның мәйітін көпқабатты үйдің маңынан тапқан. Грузия тергеушілері қыздың зорланғанын мәлімдеген. Тбилиси полициясы күдікті ретінде Грузияның 57 жастағы азаматы Бесик Тордуаны қамауға алғаны хабарлаған. Оған "адам зорлады" және "суицидке жеткізді" деген айып тағылды.

Грузияда көз жұмған қыздың туыстары "суицид болды" дегенге сенбейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

Грузия бас прокуратурасы Мұрат Мейірбековке де сырттай айып таққан. Прокуратураның дерегінше, Тордуа қызды зорлаған, кейін Айтпаева сегізінші қабаттың балконынан секіріп кеткен.

Әсел өлімінің алдында құрбысына Тордуамен әңгіменің аудиосын жіберіп үлгерген. Ондағы ер адамның дауыс қызға қоқаң-лоқы жасайды.

Азаттықтың Грузин қызметінің жазуынша, Мейірбеков Әсел Айтпаеваға Грузиядан автомобиль компаниясынан жұмыс тауып берген.

Азаттықтың Грузин қызметі Тордуаның тергеуінің көшірмесін ала алған. Ол тергеуде қазақстандық серіктесімен сәуірдің басында "Қазтрансавто" компаниясын құрғанын, ал Әсел Айтпаева жездесі Мейірбековтің шақыруымен 27 сәуірде келгенін айтады.

Тордуаның түсіндіруінше, Айтпаева басында Мейірбековпен тұрған, кейін Айтпаева оған Мейірбеков өзін екі рет зорлағанын айтқан.

Тордуаның сөзінше, "Мейірбеков тиіскен соң" Айтпаева оның үйіне тұруға келген. Тордуа 4 мамырда Айтпаевамен келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскенін, кейін өзі душқа кеткенде Айтпаева үйде болмағанын айтқан.

Айтпаеваның Грузиядағы адвокаты Нино Андриашвили автомобиль компаниясы нақты немен айналысқанын анықтау керек деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG