Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде үш күндік бітімнен кейін атыс қайта басталды


Ауғанстан әскерилері. Көрнекі сурет.
Ауғанстан әскерилері. Көрнекі сурет.

16 мамырда Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында тәліптер мен ауған билігінің күштері арасында әскери атыс қайта жалғасты. Ауғанстан билігінің хабарлауынша, Ораза айт кезінде жарияланған уақытша бітім үш күнге созылған.

Негізгі қақтығыс Гильменд провинциясының орталығы Лашкаргах қаласында болып жатыр. Бұл атыс АҚШ мамырдың басында Ауғанстаннан әскерін әкете бастаған соң басталған.

"Атыс 16 мамыр таңертең басталған, әлі жалғасып жатыр" деді Гильменд провинциясы кеңесінің басшысы Аттаула Ауған. Оның сөзінше, тәліптер Лашкаргах шетіндегі және басқа да аудандардағы блокпостарды атқылаған.

Ауған әскерінің оңтүстіктегі өкілдері қақтығыс қайта басталғанын растады.

"Ауған әскері операция бастады. Бізге кінә артпаңдар" деді Талибан өкілі Забихулла Муджахид.

14 мамырда Кабулдағы мешітте жарылыс болып, 12 адам қаза болған. Бұл жарылысты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы өз мойнына алды.

ИМ демалыс күндері электрмен қамтамасыз ететін бірнеше станцияны жарғанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG