Accessibility links

Өзбекстанда сайлау қарсаңында оппозициялық саясаткер партиясын тіркей алмады


Тіркелмеген "Хакикат ва Тараккиёт" партиясының жетекшісі Хидирназар Аллакулов.
Тіркелмеген "Хакикат ва Тараккиёт" партиясының жетекшісі Хидирназар Аллакулов.

Өзбекстанда билік оппозициялық саясаткердің партияны тіркеу туралы өтінішін кері қайтарғаннан кейін партия өкілдері саяси ұйымды тіркеу үшін қол жинай бастады. Саясаткер Хидирназар Аллакулов Азаттыққа Өзбекстан әділет министрлігінің өткен аптада "Хакикат ва Тараккиёт" (Ақиқат және даму) Социал-демократиялық партиясын тіркеуден бас тартқанын хабарлады. Ведомство оларға жиналған қолдың басым бөлігінің жарамсыз екенін алға тартқан.

"Әділет министрлігінің хатында партияны қолдап қол қойған 27 адамның қайтыс болғаны жазылған. Ресми жауапқа сенсек, 2044 адам қолды алып тастау туралы шағым түсірген, олар партия құру бастамасымен байланыссыз басқа себеппен қол қойғандықтарын айтқан" деді Аллакулов.

Ол министрліктің хатындағы ақпараттарда "қарама-қайшылық" бар деп санайды, себебі министрлік қолды тексеруді бітірмей жатып, тіркеуден бас тартқан.

Министрлік өкілдері Азаттыққа Аллақұловтың өтініші қолдағандар саны жеткіліксіз болғандықтан кері қайтарылғанын растады.

Орталық Азияда халқы ең көп (32 млн адам) мемлекетті авторитар басшы Ислам Каримов қазасынан кейін басқарып келе жатқан Шавкат Мирзияев өзін реформатор ретінде көрсетуге тырысады. Ол саяси тұтқындарды босатып, Өзбекстан қақпасын көрші елдер мен сыртқы әлемге ашқан. Бірақ көптеген белсенділер елде реформа үстірт жүргізілді деп санайды.

Бұған дейін Мирзияев оппозициялық топтарға қарсылығы жоғын айтқан. Алайда елде іс жүзінде шынайы оппозициялық күштер ресми тіркеуден өте алмай келеді.

24 қазанда Өзбекстанда президент сайлауы өтеді. Сарапшылар Мирзияевтің екінші мерзімге сайлануға дайындық жасап жатқанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG