Accessibility links

ФСИН Навальныйдың денсаулығы түзеліп келе жатқанын айтты


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресей федералдық қылмысты орындау қызметінің (ФСИН) директоры Александр Калашников Навальныйдың денсаулығы аштықтан кейін түзеле бастағанын хабарлады. Қазір саясаткердің салмағы 82 килограмм, дұрыс тамақтанып жүр. ФСИН басшысының сөзін ТАСС агенттігі келтірді.

"Ерекше айыппұл немесе ереже бұзу болған жоқ. Оны кемсіту, өмірін қиындату сияқты мақсат та жоқ. Жалпы режимде жазасын өтеп жатыр. Денсаулығы сәл түзеле бастады, аштық жариялаған, қазір одан бас тартты. Білуімше, салмағы 82-ге жеткен сияқты. Бұл шын көрсеткіш. Дұрыс тамақтанып жатыр, отбасымен араласуға мүмкіндігі бар" деді Калашников.

  • "Новичокпен" уланды делінген Алексей Навальный бірнеше ай Германияда емделген соң 17 қаңтарда Мәскеуге ұшып келіп, сонда ұсталған. 1 наурызда Еуроодақ Навальныйды қудалауға қатысы бар ресейлік шенеуніктерге санкция салуды мақұлдаған.
  • 2 ақпанда Мәскеу соты Навальныйды 2014 жылы "Ив Роше ісі" бойынша шыққан шартты жаза ережелерін орындамады деп саясаткерді түрмеге жіберген. Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты істің саясиланғанын айтқан. Оппозиционер түрмеде шамамен 2,5 жыл болады. ​Қазір ол Покров қаласындағы N2 колонияда қамауда отыр.
  • 24 наурызда адвокаттары оның денсаулығының күрт нашарлағанын айтты. 31 наурызда Навальный аштық жариялады.
  • 21 сәуірде Ресей қалаларында Навальныйды қолдаған акциялар өтіп, 2 мыңға жуық адам ұсталған. Көптеген наразылар ұстау кезінде және полиция бөлімшелерінде соққыға жығылған.
  • 23 сәуірде Навальный аштықты тоқтататынын мәлімдеді. Ол өзіне тәуелсіз дәрігерлерді жіберуді талап еткен. Ресейдің түкпір- түкпірінде шамамен жүз шақты адам Навальныйды қолдап, аштық жариялады. Көптеген шетелдік саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, Голливуд жұлдыздары және тағы басқа азаматтар оппозиционерге қолдау білдірді.
  • 26 сәуірде Мәскеу прокуратурасы Алексей Навальный құрған штабтың қызметін тоқтатты. Оған штабты "экстремистік ұйым" деп тану туралы түскен шағым түрткі болған.
  • 27 сәуірде Мәскеу соты Жемқорлықпен күрес қорының жұмысын шектеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG