Accessibility links

Беларусьте Tut.by порталының негізін қалаушы Юрий Зиссердің жесірі үйқамаққа жіберілді


Беларусьте Tut.by тәуелсіз порталының негізін қалаушы Юрий Зиссердің жесірі Юлия Чернявская үйқамақта отыр. Бұл туралы Tut.by телеграм-арнасында хабарлады.

Чернявская 18 мамырдан бастап байланысқа шықпай қалған. Сол күні Tut.by порталының үстінен "салықтан жалтару" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Порталдың Минск және өзге қалалардағы кеңсесінде және кейбір қызметкерлердің үйінде тінту жүргізілген.

Беларусь ақпарат министрлігі ресурсты "БАҚ туралы заңды бұзды" деп айыптап, бұғаттап тастады. Атап айтқанда, онда тіркелмеген Беларусь ынтамақтастығы қорының материалдары жарияланған. Бұл ұйым саяси себеппен жұмыссыз қалғандарға көмек көрсетеді.

Tut.by және оған қарасты ресурстар – ауқымы жағынан ресейлік "Яндекс" немесе Mail.ru сияқты ірі интернет-холдинг. Портал биліктен тәуелсіз ақпарат құралы болып та саналады.

Tut.by сайты былтыр тамыз айынан бері президент сайлауының ресми қорытындысына қарсылық білдіргендердің акцияларынан үздіксіз ақпарат таратып келеді. Желтоқсан айында наразылық өршіп тұрған шақта билік оны лицензиядан айырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG