Accessibility links

Қазақстанда тағы 2388 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 31 адам қайтыс болды


Екпе пункті.
Екпе пункті.

20 мамырда Қазақстанда 2267 адамның анализінен коронавирус табылды. Екі күн бұрынғы мәлімет бойынша, тағы 121 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 19 мамырда 31 адам өлімі тіркелген: 26 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 510, Қарағанды облысында – 318, Нұр-Сұлтанда – 386, Ақмола облысында – 137, Алматы облысында – 140, Павлодар облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында 109 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 79, Ақтөбе облысында – 72, Атырау облысында – 87, Шығыс Қазақстан облысында – 97, Жамбыл облысында – 33, Қостанай облысында – 38, Қызылорда облысында – 36, Маңғыстау облысында – 60, Солтүстік Қазақстан облысында – 23, Түркістан облысында 37 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 368 748 адамға Covid жұққаны ПТР тестпен расталған, 3745 адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі – коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 503 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3332-і қайтыс болған.

Осы аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер"нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

21 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 млн 943 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 865 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 165 млн адамға жеткен. 3 млн 430 мың адам вирустан қайтыс болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG