Accessibility links

Биыл өрттен 29 бала қаза болды, 13-і үйде қараусыз қалған


Түркістан облысында өртенген үйлердің бірі.
Түркістан облысында өртенген үйлердің бірі.

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің айтуынша, биыл жыл басынан бері өрттен 29 бала қаза болған, 13-і үйде қараусыз қалған. Министр мұндай мәліметті 21 мамыр күнгі халыққа есеп беру жиынында айтты.

Құтқарушылар 15 адамды өрттен аман алып қалған, сегізі – бала. Юрий Ильиннің сөзіне қарағанда, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар арасында бала өлімінің көбейгені байқалған.

"Жылыту маусымы кезіндегі бала өлімі ерекше алаңдатарлық. Балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері карантинде болғандықтан немесе жұмысы шектелгендіктен балалардың басым бөлігі үйде болған" деді министр.

2019, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл өрттер саны 24 пайызға (2760) ұлғайған. Өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында болған. Өртке негізінен өрт жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, қауіпсіздік ережелерін сақтамау түрткі болған.

Қазақстанда кейінгі кезде балалардың өрттен қаза болуы жиілеген.

  • Биыл ақпан айында Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдан иіс тиген бес адам өлі табылған. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала.
  • 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы көп қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмды.
  • 18 ақпанға қараған түні Қызылорда қаласында уақытша баспана өртке оранып, үйде болған бес баланың кенжесі қазаға ұшырады. Қалған балаларды үйде болған анасы құтқарып үлгерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG