Accessibility links

Путин кез келген шетелдік агрессордың "тісін қағамыз" деп қорқытты


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі баспасөз мәслихаты кезінде. 20 мамыр 2021 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі баспасөз мәслихаты кезінде. 20 мамыр 2021 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ел аумағының бір бөлігін басып алуға ұмтылатын кез келген мемлекеттің "тісін қағамыз" деп мәлімдеді. 20 мамыр күнгі видеоконференция кезінде ол "бәрі бізден бір нәрсені қарпып алғысы келеді" деп мәлімдеп, "мұны жасағысы келгендерге айтарым, біз олардың тісін қағамыз және бұған қуатты қарулы күштер кепілдік бере алады" деп сөзін жалғады.

Ол Батыстың Ресейге санкциясын қуатты қарсыласын тежеуге тырысқан тарихи тенденцияның жалғасы деп атады. Оның сөзіне қарағанда, Мәскеудің кейбір сыншылары Ресей әділетсіз түрде мол табиғи байлықты иеленіп алды деп санайды.

Батыс елдері Мәскеудің бірқатар әрекетіне байланысты Ресейге санкция салған. Атап айтқанда, оған Мәскеудің АҚШ-тағы сайлауға килігуі, Қырым аннексиясы, оппозиционер Алексей Навальныйды қудалауы түрткі болған.

Путиннің мәлімдемесі АҚШ президенті Джо Байденмен жоғары деңгейде жоспарланып жатқан кездесу қарсаңында жарияланды. Сарапшылар кейінгі кезде Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың нашарлап кеткенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG