Accessibility links

Covid дерегі: бір тәулікте 2 267 жаңа науқас тіркелді, 25 адам көз жұмды


Коронавирустан сақтануды ескертетін баннерлердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар. Алматы, 20 мамыр, 2021 жыл.
Коронавирустан сақтануды ескертетін баннерлердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар. Алматы, 20 мамыр, 2021 жыл.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғаны зертханада дәлелденген 2 267 адам тіркелді. Былтырғы наурыздан бері елде Covid-пен ауырғандар саны 371 015 адамға жетті.

22 мамырдағы мәлімет бойынша, қазір Қазақстанда 35 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, соның ішінде 12 822 науқас ауруханада. 701 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, 95 науқас өкпе желдеткіш аппаратқа қосылған.

Сенбіде денасаулық сақтау министрлігі жариялаған жаңа мәліметке сәйкес, елде ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткенімен, коронавирус белгілері бар 102 науқас тіркелген. Былтырғы тамыздан бергі есеп бойынша, елде "ковидтектес пневмониямен" 54 605 адам ауырған.

Америкалық Джонс Хопкинс университеті Қазақстандағы Covid пен "пневмония" деректерін қоса есептеп, бұл елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 425 мың болды деген мәлімет берді.

Өткен бейсенбіде Қазақстанда коронавирустан 22 адам, ал "ковидтектес пневмониядан" 3 адам көз жұмған. Пандемия басталғалы бері коронавирустан 3 767 адам, ал "пневмониядан" — 3 335 адам қайтыс болған.

Осы аптада денсаулық сақтау министрлігі жағдайды саралап, аймақтардан жаңа цифрларды алған соң індеттен көз жұмғандар статистикасын жаңартты. Жаңарған статистика бойынша, 2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы сәуір аралығында Қазақстанда Covid пен оған ұқсас "пневмониядан" 6,5 мыңдай адам көз жұмған. Бұл бұрын айтылып жүргеннен екі мыңға көп.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирус екпесінің бірінші компонентін салғызғандар 1,96 миллионға, екінші компонентін салғызғандар 903 мыңға жеткен. Ақпанда басталған екпе науқаны аясында тұрғындарға Ресейде әзірленіп, Қарағандыда шығарылып жатқан "Спутник V", жергілікті QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген вакцинасы салынып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG