Accessibility links

Ғалымдар Pfizer мен AstraZeneca екпесінің үндістандық штамға қарсы тиімді екенін анықтады


Pfizer екпесі.
Pfizer екпесі.

Англияның денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары америкалық Pfizer және британиялық AstraZeneca екпесінің коронавирустың үндістандық штамынан қорғай алатыны анықталды.

Сарапшылардың тексеріс қорытындысына сай, үндістандық штамға келгенде Pfizer екпесінің екі дозасының тиімділігі – 88 пайыз, ал AstraZeneca екпесінің тиімділігі – 60 пайыз.

- "Жол картасының" (Ұлыбританиядағы коронавирус шектеулерін алу жоспары – ред.) орындалатынына сенімдімін. Себебі тексеріс кезінде екі екпе үндістандық штамнан тиімді қорғайтынын көрсетті, - деді елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок.

Министрдің сөзінше, бұл зерттеу қорытындысынан соң үкімет "жол картасының" жоспарына сай алдағы айда карантин шектеулерін біртіндеп жеңілдетуді жалғастыра береді.

Ұлыбритания қалған карантин шектеулерін жеңілдетудің келесі кезеңін 21 маусымда бастайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG