Accessibility links

Қытайда қатты жел мен жаңбырдан 21 марафоншы қаза тапты


Марафоншыларды құтқаруға аттанғандар. Қытай, 23 мамыр 2021 жыл.
Марафоншыларды құтқаруға аттанғандар. Қытай, 23 мамыр 2021 жыл.

Қытайдың солтүстік-батысында қатты жел мен нөсер жауын салдарынан ультрамарафонның 21 қатысушысы қаза тапты. Бұл туралы Қытай басылымдарына сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер хабарлады.

Марафон Ганьсу провинциясының Байинь қалалық округына тиесілі Цзинтай уездінде өткен. 100 шақырымға таулы аймақ арқылы жүгіру марафонына 172 адам тіркелген. Марафон басталмас бұрын ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, жауын жауған.

Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене температурасы түсіп кеткен. Ұйымдастырушылар марафонды тоқтатып, мыңнан аса құтқарушы жарысқа қатысушыларды іздеуге аттанған. Бірнеше сағаттан соң 172 қатысушы табылған. Олардың ішінде 21 адам қаза тауып, сегізі жаралған.

Жергілікті билік оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрғанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG