Accessibility links

Италияда аспалы жолда трос үзіліп, 14 адам қаза болды


Жексенбі күні Италияда Лаго Маджоре көлі мен Альпідегі Монтероне тауын жалғап тұрған аспалы жолда кабина құлап, 14 адам қаза болды. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында балалар да бар.

Ақпаратқа қарағанда, кабина тауға жақындаған кезде трос үзіліп кеткен. Ол 10 метрден астам биіктіктен құлаған. Оқиғадан зардап шеккендер жайлы басқа ақпарат жоқ. Аспалы жол індет кезінде жабық болып, жақында ғана ашылған. Бұл оның алғашқы рейстерінің бірі. Зардап шеккендер ұлғаюы мүмкін: кабинаға 40-қа жуық адам сияды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG