Accessibility links

Бір күнде 1847 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 22 науқас қайтыс болды


Өткен тәулікте Қазақстанда 1832 адамның ПТР тесті оң шықты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, екі күн бұрын 15 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 22 адам қайтыс болған: 18 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 398, Қарағанды облысында – 355, Нұр-Сұлтанда – 179, Ақмола облысында – 140, Алматы облысында – 104, Павлодар облысында – 73, Батыс Қазақстан облысында 85 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 77, Ақтөбе облысында – 34, Атырау облысында – 84, Шығыс Қазақстан облысында – 80, Жамбыл облысында – 24, Қостанай облысында – 41, Қызылорда облысында – 43, Маңғыстау облысында – 35, Солтүстік Қазақстан облысында – 42, Түркістан облысында 38 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 375 014 адамға Covid жұққаны ПТР тестпен расталған, 3805 адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі – коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 706 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3344-і қайтыс болған.

Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер"нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

24 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 млн 991 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 923 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 167 млн адамға жеткен. 3 млн 463 мың адам вирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG