Accessibility links

Қазақстанда тағы 1568 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 24 науқас қайтыс болды


Медицина жабдықтарын көтеріп бара жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.
Медицина жабдықтарын көтеріп бара жатқан қызметкер. Көрнекі сурет.

24 мамырда Қазақстанда 1558 адамның анализінен корнавирус табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, екі күн бұрын 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 24 адам қайтыс болған: 23 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 348, Қарағанды облысында – 348, Нұр-Сұлтанда – 174, Ақмола облысында – 133, Алматы облысында – 106, Павлодар облысында – 75, Батыс Қазақстан облысында 68 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 27, Ақтөбе облысында – 20, Атырау облысында – 36, Шығыс Қазақстан облысында – 73, Жамбыл облысында – 18, Қостанай облысында – 40, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 45, Түркістан облысында 18 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 376 572 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3828-і қайтыс болған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі – коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 716 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3345-і қайтыс болған.

Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер"нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

25 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 15 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 949 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

25 мамырда денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты. Денсаулық сақтай министрі Алексей Цойдың айтуынша, сәуірдің соңы мен мамырдың басымен салыстырғанда қазір науқастардың апталық көрсеткіші 4 мыңға азайған. Соңғы айда ауру көлемі 20 пайызға қысқарған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 167 млн адамға жеткен. 3 млн 473 мың адам вирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG