Accessibility links

Қазақстанда 1860 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 32 науқас қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 1739 адамның анализінен корнавирус табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, екі күн бұрын 121 адамнан коронавирус пневмониясы табылған. 32 адам қайтыс болған: 28 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 310, Қарағанды облысында – 319, Нұр-Сұлтанда – 293, Ақмола облысында – 130, Алматы облысында – 96, Павлодар облысында – 87, Батыс Қазақстан облысында 87 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 62, Ақтөбе облысында – 36, Атырау облысында – 64, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Жамбыл облысында – 21, Қостанай облысында – 40, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 46, Солтүстік Қазақстан облысында – 39, Түркістан облысында 24 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 378 311 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3856-ы қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 837 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3349-ы қайтыс болған.

Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер"нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

26 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 35 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 973 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтқан. Қазір Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл аймақта" тұр. Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта" тұр. Қалғаны облыстар "жасыл аймақта".

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 167 млн адамға жеткен. 3 млн 481 мың адам вирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG