Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Германияны жеңді. Бұл - хоккейшілердің үшінші жеңісі


Қазақстан-Германия матчы. Рига, 26 мамыр 2021 жыл.
Қазақстан-Германия матчы. Рига, 26 мамыр 2021 жыл.

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионтында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Германияны 3:2 есебімен жеңді. Бұл - Қазақстанның осы әлем чемпионатындағы үшінші жеңісі. Қазақстан хоккейшілері бұған дейін әлем чемпионатының элиталы тобында үш ойында жеңіске жетіп көрмеген.

Құрама осыған дейін Латвияны және 2019 жылғы әлем чемпионаты Финляндияны буллитте (буллит - хоккейдегі "пенальти сериясы") басым түскен. АҚШ құрамасынан 0:3 есебімен жеңілген.

Қазақстан құрамасы енді топтық кезеңде 28 мамырда Канадамен, 29 мамырда Италиямен, 31 мамырда Норвегиямен ойнайды. Қазір қазақстандық хоккейшілер төрт ойыннан кейін 7 ұпаймен топтық кестеде Германия, Латвия, Финляндиядан кейін 4-орында тұр. Топта алғашқы төрттікке енген командалар ширек финалға шығады.

Ұлттық құраманы қазақстандық бапкер Юрий Михайлис жаттықтырады. Командада канадалық Джесси Блэкер, Куртис Волк, Даррен Диц, швециялық Виктор Сведберг сынды легионерлер ойнайды. Олардың барлығы Қазақстан азаматтығын алған.

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталы кезеңінде 1993 жылдан бері сегіз рет қатысып, топтық кезеңнен әрі аса алмаған. Бұл елдің құрамасы 1998, 2006 жылғы қысқы олимпиадаға қатысқанымен, жүлдесіз қалған. Қысқы Азия ойындарында 1996, 1999, 2011. 2017 жылдары чемпион атанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG