Accessibility links

2 мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 23 науқас қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

26 мамырда Қазақстанда 1849 адамның анализінен коронавирус табылды. Екі күн бұрын 107 адамнан коронавирус пневмониясы табылған. 23 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Қарағанды облысында – 320, Нұр-Сұлтанда – 297, Алматыда – 290, Ақмола облысында – 129, Алматы облысында – 90, Павлодар облысында – 97, Батыс Қазақстан облысында 98 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 91, Ақтөбе облысында – 64, Атырау облысында – 75, Шығыс Қазақстан облысында – 80, Жамбыл облысында – 32, Қостанай облысында – 41, Қызылорда облысында – 21, Маңғыстау облысында – 47, Солтүстік Қазақстан облысында – 38, Түркістан облысында 39 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 380 160 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3879-ы қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 944 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3349-ы қайтыс болған.

Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер "нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

27 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 56 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 997 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Қазір Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл аймақта" тұр. Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта" тұр. Қалғаны облыстар "жасыл аймақта".

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 млн адамға жеткен. 3 млн 494 мың адам вирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG