Accessibility links

Қытай Қырғызстанға әскери-техникалық көмек берді


Қытайдың Қырғызстанға әскери көмек беру рәсімі. 26 мамыр 2021 жыл.
Қытайдың Қырғызстанға әскери көмек беру рәсімі. 26 мамыр 2021 жыл.

Қытай халықты азат ету армиясы Қырғызстан қарулы күштеріне өтеусіз әскери-техникалық көмек берді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан қорғаныс министрлігінің ақпараттық жұмыс басқармасының хабарлауынша, әскери-техникалық мүлікті табыстау рәсімі 26 мамырда қорғаныс күштерінің ұлттық гвардиясында өткен. Шараға Қырғызстан қорғаныс министрі, генерал-майор Таалайбек Омуралиев пен Қытайдың Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ду Дэвень қатысқан. Олар әскери өнімдермен танысып, техникалық сипаттарын талқылаған.

Шара аяқталғаннан кейін Қырғызстан қорғаныс министрі Қытай армиясына көмегі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықтың арта беретініне сенім білдірген.

Ведомство мәліметінше, әскери-техникалық көмек Қырғызстан мен Қытай қарулы күштері арасында осыған дейін жасалған келісім аясында берілген.

Кезінде сарапшылар "Қытай ұзақ жылдардан бері терроризм, сепаратизм және діни экстремизммен күресті Шанхай ынтымақтастық ұйымында әскери ықпалын арттыру үшін пайдаланды, қару сатқанда немесе оны өтеусіз бергенде ресми Пекин Шыңжаңдағы жағдайды негізге алады" деп атап өткен.

Қытайды халықаралық қауымдастық Шыңжаңда ұйғыр, қазақ және өзге де түркітілді мұсылмандарға геноцид жасап отыр деп айыптайды. Мұны жоққа шығарған Пекин ондағы "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлерін" түрлі кәсіпке баулитын орталықтар деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG