Accessibility links

Қазақстанда тағы 1827 адам коронавирусқа шалдықты, 26 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 1747 адамның ПТР тесті оң шықты. Екі күн бұрын 80 адамнан коронавирус пневмониясы табылған. 26 адам коронавирустан қайтыс болған: 24 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

27 мамырда Қарағанды облысында – 324, Нұр-Сұлтанда – 246, Алматыда – 279, Ақмола облысында – 127, Алматы облысында – 97, Павлодар облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында 95 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 63, Ақтөбе облысында – 53, Атырау облысында – 85, Шығыс Қазақстан облысында – 95, Жамбыл облысында – 17, Қостанай облысында – 42, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 42, Солтүстік Қазақстан облысында – 40, Түркістан облысында 24 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 381 907 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3903-і қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 55 024 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3351-і қайтыс болған.

Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер "нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.

28 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 76 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 1 млн 21 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

Қазір Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл аймақта" тұр. Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта" тұр. Қалғаны облыстар "жасыл аймақта".

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 млн адамға жеткен. 3 млн 507 мың адам вирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG