Accessibility links

Түркістан облысында тауға шығамыз деп жоғалған жеті студенттің үшеуі табылды


Сайрамсу шатқалы. Сурет Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтынан алынған.
Сайрамсу шатқалы. Сурет Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайтынан алынған.

28 мамыр күні Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі "Сайрам Айғыр" шатқалына жолға шығып, оралмаған жеті студенттің үшеуі табылды. Олар Шымкентке жеткізілді. Табиғатқа шығып, артынша хабар үзілген студенттерді төрт күннен бері іздеп жатқан "Қазавиақұтқару" тікұшағындағы мамандар тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Талғат Уәли хабарлады.

21 мамыр күні Түлкібас ауданындағы "Сайрам Айғыр" шатқалына жаяу жолға шыққан жеті студентті бірнеше күннен бері төтенше жағдай департаменті мамандарымен бірге полиция, шекара қызметі, ұлттық парктің қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары іздеп жатыр. Жоғалғандардың арасында Ақтөбе, Атырау, Орал және Жезқазғаннан келгендер бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы табылған үш адамға іздеуге шыққан дәрігерлер көмек беріп жатқанын, олардың жағдайы орташа екенін айтты. Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа табылған 3 адам Шымкент әуежайына тікұшақпен жеткізілген айтты. Оларды Түркістан облысының төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алып кеткен.

Ақпаратқа қарағанда, 7 адам үш күн бұрын екі топқа бөлініп жеке кеткен.

Министрлік қалған төрт адамды іздеу жалғасып жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG