Accessibility links

Коронавирус дерегі: 1688 жаңа науқас тіркелді, 2658 адам жазылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғаны ПТР талдау арқылы расталған 1688 адам тіркелді.

27 мамырда бір тәулік ішінде 11 адам коронавирустан, тағы 7 адам соған ұқсас пневмониядан қайтыс болды.

Жалпы ел бойынша былтырғы наурыздан бері ауырғандар саны 383 595 адамға жетті. Бұл жөнінде Қазақстандағы эпидемия ахуалы туралы ресми хабар тарататын Coronavirus2020 сайты хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегі бойынша, жұма күні 2658 адам бұл аурудан айығып шыққан.

29 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 29 171 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың 10 891-і стационарда. Қазіргі уақытта 638 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің халі өте нашар, ал 108 науқас өкпе желдеткіш аппаратқа қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салғандар саны 2 миллионнан, ал екі бөлігін де салдырғандар саны 1 миллионнан асты. Елде Ресейде әзірленіп, Қазақстанда өндірілетін "Спутник V», отандық QazVac және БАӘ-де өндірілген қытайлық Hayat-Vaх екпелері қолданылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG