Accessibility links

Коронавирус дерегі: 1654 науқас, 27 өлім тіркелді


Қазақстанда коронавирус инфекциясын тағы 1654 адам жұқтырды. Ал ауруға осыған дейін шалдыққан 27 адам қайтыс болды. Бұл туралы 30 мамыр күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жаңа тіркелген науқастардың 1549-ы КВИ+ санатына (вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған) жатқызылған. Бұл ­– 29 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сол күні 1445 науқас тіркелген. Ол күннен күнделік анықталатын науқас саны тұрақты артып сәуірде ортасында 2,9 мыңға жуықтады.

Аймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелген. Облыста бір күнде 310 адамның анализінен коронавирус анықталған. Осыған дейін аймақтар көшін бастап келген Алматы мен Нұр-Сұлтанда 238 және 216 науқас тіркелген.

Осылайша індет басталғалы КВИ+ науқастарының саны 385 144-ке жетіп отыр. Оның 3935-і қайтыс болған, 27 664-і емделіп жатыр, қалғаны айыққан.

Ал коронавирусқа шалдыққаны диагнозы бойынша анықталған (КВИ-) науқастардың саны 55 255-ке жетті. Оның 3354-і көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір 679 науқастың жағдайы ауыр, 150 науқастың жағдайы өте ауыр, 103 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде вирус жұқтырғаны расталған адамдар саны 170 миллионға таяған. Оның 3,5 миллионы қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG