Accessibility links

Шарын шатқалындағы сел кезінде жоғалған 11 жасар қыз табылды


Алматы облысындағы Шарын шатқалы. Архив суреті.
Алматы облысындағы Шарын шатқалы. Архив суреті.

Алматы облысы Шарын шатқалындағы сел кезінде жоғалған 11 жасар қыз 30 мамыр күні таңертең аман-есен табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қыз бала 2021 жылғы 30 мамырда сағат 09:34-те құтқарылды. "Шарын" өзені бойындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде "Шарын" МҰТП қызметкері 2010 жылы туған қызды тапқан" делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, қыз табылған жер жағалау жартасты және өтуге қиын жер саналады.

Баспасөз хабарламасына қарағанда, табылған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілген, әзірше жағдайы орташа.

29 мамыр күні шатқал аумағына қысқа мерзімді қатты жауын түсіп, соңы батпақты селге ұласқан. Салдарынан екі адам қайтыс болған. Құтқарылған қыз осы селмен ағып кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарылған қыздың 29 мамыр күні түскі уақытта Шарын шатқалының төменгі бөлігінде болған батпақты селмен ағып кеткен.

Шарын шатқалы – Алматы облысындағы бірегей табиғи аумақтардың бірі. Оны АҚШ-тағы Үлкен каньонмен жиі салыстырады. Алматы қаласынан 200 шақырымда орналасқан Шарын өзені бойымен 154 шақырымды алып жатыр. Шатқалға жыл он екі ай жүздеген адам барады. Танымал туристік объект саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG