Accessibility links

Екібастұзда екі бала суға батып опат болды


Екібастұзда кәмелетке толмаған екі бала су қоймасына шомылуға барып, батып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 29 мамыр күні кешке қарай 112 желісіне "Сковордка" су қоймасының жанында кәмелетке толмаған екі баланың заттары табылды деген хабар түскен. Куәгерлер заттардың Екібастұз қаласынан 5 шақырым жердегі су тазарту қондырғылары мен 19 шағын аудан арасындағы рұқсат етілмеген су қоймасынан табылғанын айтқан.

"Сүңгуірлердің іздестіру жұмыстары аталған су қоймасында куәгерлер көрсеткен жерде 11 сағат 40 минутта басталды. Іздеу нәтижелері бойынша 12 сағат 00 минутта өмір белгілері жоқ 2 дене табылды" делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында. Департамент суға батқандардың Екібастұз қаласында №9 мектептің оқушылары екенін айтты.

Іздеу жұмыстарымен айналысқан "Поисковики Павлода VITA" қоғамдық бірлестігі су батқан балалардың аты-жөнін жариялады. Олар – 2005 жылы туған Вячеслав Ткач пен Александр Войтюк. Бірлестіктің хабарлауынша, балалар суға шомылуға 29 мамыр күні 16:00 шамасында кеткен.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті аймақта шомылу маусымы ресми түрде әлі ашылмағанын, сол себепті су айдындарында шомылуға болмайтынын ескертеді.

"Ата-аналарды жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған балаларды қарауға және қадағалауға шақырамыз" дейді төтенше жағдайлар департаменті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG