Accessibility links

Байден адам құқығы ахуалына байланысты Путинге қысым жасауға уәде берді


АҚШ президенті Джо Байден. 30 мамыр 2021 жыл.
АҚШ президенті Джо Байден. 30 мамыр 2021 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескен кезде одан адам құқығын құрметтеуін талап етіп, қысым жасайтынын мәлімдеді.

АҚШ пен Ресей арасында жағдай ушыққан шақта саммит 16 маусымда Женевада өтеді.

"Бірнеше аптадан соң президент Путинмен Женевада кездесемін, оған адам құқығының бұзылуына көз жұмып қарап отыра алмайтынымызды жеткіземін" деді Байден 30 мамырда.

Microsoft корпорациясы АҚШ-тың үкіметтік мекемелеріне кибершабуыл жасалғанын мәлімдегеннен кейін Ақ үй екі ел басшысының кездесуі кезінде кибершабуыл мәселесінің де қозғалуы мүмкін екенін айтқан. Microsoft-тың айтуынша, кибершабуылдың артында былтыр SolarWind-ті бұзған Ресейде пайда болған Nobelium тобы тұр.

Кремль шабуыл жайлы хабары жоғын айтты.

Сәуір айында Путинмен телефон арқылы сөйлескен Байден бірігіп саммит өткізуді ұсынған. Ақ үй қаңтар айынан бері екінші рет Ресей шенеуніктеріне санкция дайындап жатқан шақта екі ел басшысы сұхбаттасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG