Accessibility links

Қырғызстанда жасөспірім мылтықпен бес жасар балаға оқ атты


"ТОЗ-8" маркілі мылтық. Көрнекі сурет.
"ТОЗ-8" маркілі мылтық. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Баткен облысы Самарқандек ауылында 14 жастағы жасөспірім кіші калибрлі винтовкадан бес жасар балаға оқ атты. Бала сол мезетте мерт болған. Бұл туралы Баткен облысының ішкі істер басқармасына сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

"Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мылтық оқ атқан жасөспірімнің әкесіне тиесілі болған. Оның мылтықты ұстауға рұқсат қағазы болмаған. Қажетті сараптама тағайындалған.

Мылтық иесіне қатысты "Қару, оқ-дәріні заңсыз айналымға енгізу" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс ашылған. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалған.

2018 жылы Қадамжай ауданында да осыған ұқсас оқиға болған. 10 жасар бала "ТОЗ-8" маркілі мылтықтан 9 жасар балаға оқ атқан. Ақпаратқа қарағанда, оқ атқан бала мылтықты кездейсоқ тауып алған. Мылтық иесінің қару ұстауға рұқсат қағазы болмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG