Accessibility links

Қазақстанда тағы 1476 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 19 адам қайтыс болды


Карантин кезінде көшеде кетіп бара жатқан медициналық жедел жәрдем көлігі. 26 шілде 2020 жыл.
Карантин кезінде көшеде кетіп бара жатқан медициналық жедел жәрдем көлігі. 26 шілде 2020 жыл.

2 маусымда 1385 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 маусымда 91 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 19 адам қайтыс болған: 15 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Сәрсенбі күні Қарағанды облысында – 205, Нұр-Сұлтанда – 272, Алматыда – 203, Ақмола облысында – 76, Алматы облысында – 65, Павлодар облысында – 63, Батыс Қазақстан облысында 95 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 54, Ақтөбе облысында – 41, Атырау облысында – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 85, Жамбыл облысында – 17, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 8, Маңғыстау облысында – 46, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Түркістан облысында 18 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 390 376 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 25 мыңға жуығы емделіп жатыр. 4007-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 477 адамға жетті. 3376-і қайтыс болған. Қазір 644-і емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 589 науқастың жағдайы ауыр, 128 науқастың жағдайы өте ауыр, 83 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 158 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 117 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 171 млн 540 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 688 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG