Accessibility links

Путинмен билеген Австрияның экс-министрі "Роснефть" директорлар кеңесінің құрамына енді


Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі Карин Кнайсль мен Ресей басшысы Владимир Путин Кнайсльдің тойында билеп жатыр. 2018 жыл.
Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі Карин Кнайсль мен Ресей басшысы Владимир Путин Кнайсльдің тойында билеп жатыр. 2018 жыл.

Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі Карин Кнайсль ресейлік "Роснефть" мемлекеттік компаниясы директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы компания таратқан ресми хабарламада айтылған. Кеңес құрамы акционерлердің жыл сайын өтетін жиынында бекітілген.

Кнайсль Австрияның сыртқы істер министрлігін 2017-2019 жылдары басқарған. 2018 жылы Ресей басшысы Владимир Путин оның тойына барып, қалыңдықпен билеген. Бұл тойға Путин жеке сапармен барған.

Кнайсльды сыртқы істер министр қызметіне Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуды қолдайтын оңшыл Еркіндік партиясы ұсынған. Австрия ресейлік "Солтүстік ағыс – 2" газ құбыры жобасына қатысады. Канцлер Себастьян Курц Ресейге жаңа санкция салуды қолдамайды.

Кнайсльден бөлек, "Роснефть" компаниясы директорлар кеңесінің құрамына Германияның бұрынғы канцлері Шредер, BP ұлттық мұнай компаниясының бас атқарушы директоры Бернард Луни және тағы 9 адам енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG