Accessibility links

Қытайда пышақ ұстаған ер адам 5 адамды өлтірді


Пекин
Пекин

Қытайдың шығысындағы Аньцин қаласында пышақ ұстаған ер адам бес адамды өлтіріп, 15 адамды жаралады. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік баспасөз құралына сілтей отырып AFP агенттігі хабарлады.

Аньхой провинциясы Аньцин қаласында болған шабуыл сенбі, 5 маусым күні түскі уақытта болған. Күдікті ұсталған, тергеу жұмыстары жүріп жатыр деді қаланың қоғамдық қауіпсіздік бюросы Weibo әлеуметтік желісінде жарияланған баспасөз хабарламасында.

Қоғамдық орында адамдарды пышақпен шабуылдау Қытайда жиі болады. Сәуірде Қытайдың оңтүстігінде ер азамат балабақшаға барып, екі баланы пышақтап өлтіріп, 16 адамды жаралаған.

2018 жылы Қытайдың солтүстігінде пышақ ұстаған ер кісі 9 баланы мерт қылып, 11 адамды жаралаған. Оны кейін өлім жазасына кескен.

AFP агенттігінің жазуынша, кейінгі 10 жылда Қытайда осындай шабуылдар күшейген және ол бай мен кедей алшақтығының күшеюімен сәйкес келген. Зерттеулер адамдар арасында психикалық ауытқудың артқанын көрсетіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG