Accessibility links

Қазақстанда 1010 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 21 науқас қайтыс болды


Екпе пункті. Алматы, сәуір 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, сәуір 2021 жыл.

6 маусымда 989 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 4 маусымда 21 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 21 адам қайтыс болған: 19 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Жексенбі күні Қарағанды облысында – 171, Нұр-Сұлтанда – 120, Алматыда – 143, Ақмола облысында – 70, Алматы облысында – 54, Павлодар облысында – 55, Батыс Қазақстан облысында 60 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 31, Ақтөбе облысында – 22, Атырау облысында – 49, Шығыс Қазақстан облысында – 77, Жамбыл облысында – 33, Қостанай облысында – 37, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 10, Түркістан облысында 20 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 395 064 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 24 600 адам емделіп жатыр. 4076-ы қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 804 адамға жетті. 3389-і қайтыс болған. Қазір 897-і емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 579 науқастың жағдайы ауыр, 120 науқастың жағдайы өте ауыр, 78 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 247 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 187 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 173 млн 206 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 726 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG