Accessibility links

Денсаулық сақтау басқармасы "вакцинадан кейін жағдайы нашарлағандар" туралы айтты


Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакциналау науқаны басталғалы бері қалада коронавирусқа қарсы вакцина егілгеннен кейін 73 адамның жағдайы нашарлаған. Бұл туралы басқарма жетекшісі Нариман Табынбаевқа сүйенген Tengrinews сайты жазды.

"Төрт жағдайда адамдар вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін ауруханаға түскен. Қазір комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Балалар перинатологиясы және кардиохирургия орталығындағы акушердің жағдайына қатысты комиссия жұмысы аяқталып қалды. Оның жағдайы мен вакциналау арасында тікелей байланыс жоқ. Комиссия оның қатты қорыққанын анықтады. Қазір толық қорытындыны күтіп отырмыз, әзірге ол үйде ата-аналарының бақылауында" деді басқарма жетекшісі.

Мамыр айының соңында жергілікті БАҚ балалар перинатологиясы және кардиохирургия орталығы қызметкерінің "Спутник V" вакцинасын алғаннан кейін аяқ-қолы дірілдеп, жағдайы нашарлағанын жазған. Дәрігерлер жағдайын тексергеннен кейін оны үйіне жіберген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстандағы ең ірі қала Алматыда 320,8 мың адам (16,3 пайыз) коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 208,1 мың адамға вакцинанығ екі дозасы салынған.

Мамырдың ортасында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят елде "вакцинадан кейін қайтыс болған" төрт адам өліміне қатысты түсініктеме берген еді. Төрт жағдайдың екеуінде адам өлімі мен вакцина арасындағы байланыс дәлелденбеген. Министрлік қалған екеуіне қатысты комиссия жұмысы жалғасып жатыр деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG