7 маусымда 768 адамның коронавирус тесті оң шықты. Бұл соңғы үш айда тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Екі күн бұрынғы мәлімет бойынша, 5 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 6 маусымда 26 адам өлімі тіркелген: 20 адам - коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.
Дүйсенбі күні Қарағанды облысында – 149, Нұр-Сұлтанда – 73, Алматыда – 125, Ақмола облысында – 62, Алматы облысында – 59, Павлодар облысында – 51, Батыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 21, Атырау облысында – 29, Шығыс Қазақстан облысында – 70, Жамбыл облысында – 16, Қостанай облысында – 36, Қызылорда облысында – 8, Маңғыстау облысында – 9, Солтүстік Қазақстан облысында – 13, Түркістан облысында 8 науқас тіркелген. Өткен тәулікте Ақтөбе облысында бірде-бір науқас анықталмаған.
Індет басталғалы бері 395 832 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 22 712 адам емделіп жатыр. 4096-сы қайтыс болған.
Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 809 адамға жетті. 3395-і қайтыс болған. Қазір 875-і емделіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 540 науқастың жағдайы ауыр, 114 науқастың жағдайы өте ауыр, 71 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 285 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 213 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 173 млн 541 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 734 мың адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР