Accessibility links

Әндіжанда Effect.uz тілшілерін ұрып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

7 маусымда азаматтардың шағымдарын зерттеп жүрген Effect.uz сайтының тілшілері Әндіжанда өздерін "халық депутаттары кеңесінің төрағасы Рахим Собировичтің ұлы ұрып кеткенін" хабарлады. Журналистерді ұрып-соғуға байланысты істі бас прокуратура бақылауына алған. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі жазды.

"Бас прокуратура істі Әндіжан облысының прокуратурасы зерттеп жатқанын және оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті" делінген журналистер хабарламасында.

Effect.uz сайтының тілшілері алғаш рет мұндай жағдайға тап болып отырған жоқ. Сайттың үш тілшісі биыл қаңтар айында Термез ауданының қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасының кабинетіне кіруге тырысқаны үшін тергеуге ілінген. Қазір сот өтіп жатыр.

Қылмыстық іске тартылған үш тілшінің бірі Элербек Таджибаев 2 маусымда Youtube-те жариялаған видеода кәсіби қызметіне байланысты қоқан-лоқыға ұшырап жатқанын айтып, журналистерді ескерткен.

"Барлығыңызды сақ болуға шақырамын. Мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеңіздер. Өзбекстанда сөз бостандығы өлген" деді видеоүндеуде ферғаналық журналист.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG