Accessibility links

Женевада Дария Навальнаяға әкесінің сыйлығы табыс етілді


Дария Навальная әкесі сияқты еркіндік пен азаматтық құқық үшін күресіп жүргендерге қайырыла сөйлеп жатыр. 8 маусым 2021 жыл.
Дария Навальная әкесі сияқты еркіндік пен азаматтық құқық үшін күресіп жүргендерге қайырыла сөйлеп жатыр. 8 маусым 2021 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың 20 жастағы қызы Дария Навальная Женевадағы адам құқығына арналған белсенділер форумында сөйледі. Жыл сайын БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінің кезекті сессиясы қарсаңында форум өтеді. Биыл кеңестің 47-сессиясы Женевада 21 маусым мен 15 шілде аралығында болады.

Сейсенбі күні Дария Навальнаяға қамаудағы әкесіне берілген Батылдық сыйлығы табыс етілді. Видеомәлімдемеде Алексей Навальныйдың қызы былай деді:

"Осында мен емес, әкем тұруы тиіс еді, бірақ ол қазір Ресейде түрмеде қамауда отыр. Ол бүкіл өмірін жемқорлықпен күреске арнады, сөз бостандығы, саяси көзқарасты жеткізу, наразылық білдіру құқығы, сайлауға қатысу құқығы сияқты адам құқығы мен еркіндігін қорғауға күш салды" деді Навальная. Оның сөзіне қарағанда, мұндай маңызды құндылықтар Ресейде жоқ.

Форум ұйымдастырушылары Алексей Навальныйдың әріптесі Леонид Волковқа жіберген хатында оппозиционерге сыйлықты "әділет пен адам құқығын қорғауда керемет батылдық танытқаны үшін" беріп отырғанын атап өткен.

  • Былтыр тамыз айында Навальный улану белгілері бойынша Омбы ауруханасына түсіп, кейін Германияға емдеуге жіберілді.
  • Неміс зертханасының сарапшылары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" тобына жататын удың іздерін тапты. Ресей билігі Навальныйдың уланғанын және өздерінің улауға қатысын жоққа шығарады.
  • Биыл 17 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге оралды. Шереметьево әуежайында оны полиция ұстады. ФСИН Навальныйдың "Ив Роше" ісі бойынша алған шартты жаза ережелерін бұзды деп мәлімдеп, оны түрмеге жіберуді сұрады. 2 ақпанда сот ФСИН-нің өтінішін орындады. Сот үкіміне сәйкес, саясаткер түрмеде 2 жыл 8 ай отыруы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG