Accessibility links

Covid: 1215 науқас анықталды, 15 адам қайтыс болды


Базар аумағына орналасқан уақытша екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.
Базар аумағына орналасқан уақытша екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.

9 маусымда 1144 адамның анализінен коронавирус анықталды. Екі күн бұрын тағы 71 адамға коронавирус пневмониясын диагнозы қойылған. 8 маусымда 15 адам өлімі тіркелген: 13 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда – 222, Қарағанды облысында – 160, Алматыда – 126, Ақмола облысында – 48, Алматы облысында – 64, Павлодар облысында – 41, Батыс Қазақстан облысында 89 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 58, Атырау облысында – 69, Шығыс Қазақстан облысында – 79, Жамбыл облысында – 32, Ақтөбе облысында – 30, Қостанай облысында – 35, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 45, Солтүстік Қазақстан облысында – 17, Түркістан облысында 19 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 397 976 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 21 438 адам емделіп жатыр. 4124-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 999 адамға жетті. 3400-і қайтыс болған. Қазір 1018-і емделіп жатыр.

Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды халықаралық ұйымның қысымымен есепке ала бастаған. Бірақ әлі күнге дейін коронавирус пен коронавирус пневмониясы есебін біріктірмей келеді. Көрші Қырғызстан былтыр тамыз айынан бастап пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін Covid ретінде есептей бастаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 516 науқастың жағдайы ауыр, 113 науқастың жағдайы өте ауыр, 78 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

10 маусымда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтты. Соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 11 мыңнан 8 мыңға дейін азайған. Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, инфекциялық ауруханадағы орындардың – 24 пайызы, реанимациядағы орындардың 21 пайызы бос.

Қазір "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалған. Батыс Қазақстан облысы, Ақмола, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы "сары аймақта". Қалғаны "жасыл аймақта".

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 371 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 264 мыңына екінші дозасы да салынған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 174 млн 326 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 755 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG