Accessibility links

Журналист Юрий Дудь "есірткіні насихаттады" деген күдікке ілінді


Журналист Юрий Дудь.
Журналист Юрий Дудь.

Ресейде журналист Юрий Дудь интернетте "есірткіні насихаттады" деген күдікке ілініп отыр. Мәскеудің Зюзин аудандық соты 10 маусымда журналист үстінен әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Сәуір айында "Лига безопасного интернета" (Қауіпсіз интернет лигасы) ұйымының директоры Екатерина Мизулина Юрий Дудьтің Youtube арнасындағы видеоға байланысты полицияға арыз түсірген. Ұйым ішкі істер министрлігінен Дудь арнасында жарияланған екі сюжет: рэпер Моргенштерн және блогер Ивангаймен сұхбатты тексеріп, олардың есірткіні насихаттайтыны-насихаттамайтынын анықтауды сұраған.

"Қауіпсіз интернет лигасы" осы істі тергеген Есірткі айналымын бақылау жөніндегі басқарманың принципшіл, адал ұстанымын атап өткісі келеді. Полиция қызметкерлеріне қатты қысым жасалды, бірақ соған қарамастан объективті тергеу жүргізілді және іс сотқа жетті" делінген Мизулина хабарламасында.

Полиция өкілдері шағым бойынша әкімшілік тергеу жүргізе бастағанын хабарлады, бірақ кімнің үстінен хаттама толтырғанын нақтыламады.

Юрий Дудьтің арнасына 9 млн-нан астам адам жазылған. Ивангай және Моргенштернмен сұхбат 46 млн рет көрілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG