Accessibility links

Қазақстанда "пневмонияны" қоспағанда коронавирус жұқтырғандар 400 мыңға жуықтады


Медицина қызметкері пациентке коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр.
Медицина қызметкері пациентке коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр.

10 мамырда Қазақстанда 1120 адамның анализінен коронавирус анықталды. 2020 жылдың наурыз айынан бері елде 399 096 адамның ПТР тесті оң шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін (коронавирус пневмониясы) бөлек есептеп келеді және ол бойынша күн сайын екі күн бұрынғы көрсеткіш жарияланады. 9 маусымда елде 70 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгілі болды. Былтыр тамыздан бері 55 928 адамға сондай диагноз қойылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университеті ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды біріктіріп көрсетеді. Ондағы мәлімет бойынша, елде 455 мың адамнан коронавирус анықталған.

Індет басталғалы бері елде ПТР тесті оң шыққан науқастардың 4136-сы қайтыс болған. 9 маусымда 12 адам көз жұмған. Ал коронавирус пневмониясы 3400 адамның өліміне себеп болды деп айтылады. 9 маусымда коронавирус пневмониясымен байланысты адам өлімі тіркелмеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 млн 416 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасы егілген, 1 млн 300 мыңға жуығына екі дозасы салынған.

Қазір 21 951 адам коронавирустан емделіп жатыр. 95 пайызының ПТР тесті оң шыққан. 7 мыңнан астамы стационарда жатыр. 521 адамның жағдайы ауыр, 111 адамның халі мүшкіл, 79 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 174,7 млн адамға жеткен, 3,77 млн адам одан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG